Амангелді аудандық ауруханасы 22 наурыз -Ұлыстың Ұлы күніне орай «Салт-дәстүрімізді ұлықтайық» тақырыбында мекеме ішілік сайыс өтті. Бұл сайыстың мақсаты: салт-дәстүрімізді ұлықтап,өнеге мен тәрбие көзіне бастау алу, дәріптеу болып табылады. Мекеме ішілік сайыс басталмас бұрын Аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Каканова Ж.Р. мекеме қызметкерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады.
Мерекелік іс-шараға аудандық аурухананың барлық бөлімшелері атсалысты.Сайыс үш бөлімнен тұрды:
1. Ұлттық киім,ұлттық тағамдар және оларды таныстыру.
2. Салт-дәстүрді көрсету.
3. Сал-дәстүрлерге байланысты сұрақ-жауап
Әділ қазылар алқасының әділ шешімімен сайыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлдеге-Перзентхана бөлімі, І орын-Аурухана әкімшілігі,ІІ орын-Кешенді бөлімше,ІІІ орынды-Емхана бөлімі иеленді.Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталынып,бағалы сыйлықтарға ие болды.
https://amangeldi-crb.kz/ghiu/310-salt-d-st-rimizdi-ly-tajy.html#sigFreeIdea4ff446c7