«Аманкелді аудандық орталық ауруханасы» КМК Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы
0
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

14 желтоқсан күні Амангелді аудандық орталық ауруханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты салтанатты жиын өтті.Жиында аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Каканова Ж.Р. Тәуелсіздік күнімен құттықтады.Салтанатты шарада саналы ғұмырын медицина саласына арнап, адам жанының арашашысы бола білген ақ халатты абзал жандарды марапаттау рәсіміне кезек берілді Қостанай обылысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Құрмет граматосымен стоматолог дәрігер Қуат Борисұлы Жабаев және тәжірбиелі акушер Альмаганбетова Несібелді Қыдырбайқызы марапатталды.Сонымен қатар аудандық аурухананың бас дәрігерінің құттықтау граматосымен учаскелік тәжірбиелі медбике Галя Исабековапсихолог Жібек Канафина, фельдшер Гүлмира Сарсенбетова,учаскелік медбике Гүлнар Андирова мен Денсаулық сақтау саласында адал енбегі үшін Жарас Коспергенов марапатталса.Балалар бөлімшесінің учаскелік медбикесі Гүлім Хамитбекова мен кешенді бөлімшенің күндізгі медбикесі Динара Райымбекова кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен марапатталды.Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.