«Аманкелді аудандық орталық ауруханасы» КМК Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы
0
Медицина қызметкерлер күні

Жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде аталмыш кәсіби мерекені атап өтіледі. Медицина қызметкерлер күні мерекесіне орай Аудандық Мәдениет үйінде 16.06.2018 жылы салтанатты жиын өтті.


Нағыз құрметке лайықты жандарды мерекелерімен құттықтау үшін әкімнің орынбасары Галиев Сүндет Жолдыбекұлы  -аудан әкімінің тарапынан облыс әкімінің грамоталарымен ,  Аудандық маслихат хатшысы Әлшурин Сейдағалым Шменбайұлы Аудандық маслихаттың грамотасымен,


Нұр Отан партиясы Амангелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдіғали Нағашыбай Қасымханұлы   Нұр Отан ХДП –грамотасымен марапаттаулады тапсырды.


Орталық аурухананың бас дәрігері Есмагамбетов Рашит


Серікбайұлы –адал еңбегімен халыққа медициналық көмек көрсету ісіне жеке үлес қосқаны үшін, Кәсіподақ ұйымының төрағасы Койшугулов Канат Молдашұлы  алғыс хат, грамоталармен марапаттауларды тапсырды.


Медицина қызметкерлері күніне орай өткізілген спорттық ойындар барысында жүлделі ІІІ орынды  жеңіп алған өрт сөндіру мекемесі,


ІІ орынды орталық ауруханамекемесі, ІІІ орынды  -Ы.Алтынсарин орта мектебін марапаттап, сыйлықтар тапсырды.


Осы ауруханада көп жылдар бойына ерен еңбең етіп, елдің алғысын арқалаған, қазіргі таңда зейнеткер, ардагер әріптестерімізді шын жүректен құттықтап, мерекелік гүл шоқтары мен сыйлықтар тапсырылды.


Медицина қызметкерлер күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалады.