Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жасөспірімдер арасында волейбол және мектептерде оқушылар арасында «Сау болу – сәнді!» ұранымен спорттық шаралар, эстафеталар, жаппай дене шынықтыру минуты өткізілді. «Күнделікті дене белсенділігі сағаты» тақырыптарына диктанттар, мазмұндамалар, рефераттар, шығармалар жазылып, «Дұрыс тамақтану!» ұранымен плакаттар, сурет көрмесі өтті.