Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру
«Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері арасында Амангелді аудандық орталық аурухананың жалпы тәжірибе дәрігері Канафина П.М. Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«100 мәселе – 100 шешім – 100 күн»
Амангелді аудандық орталық аурухананың жалпы тәжірибе дәрігері Канафина П. М. аудан тұрғындарына «100 проблема – 100 шешім – 100 күн» жобасы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дөңгелек үстел, семинар-тренинг өткізді
Амангелді орта мектебінде мұғалімдерге және Амангелді аудандық орталық кітапханасында аудандық аурухана СӨС медбикесі Ибраева А.О., дәрігер гинеколог Конарбаева З.Е. сүт безі обырының алдын алу туралы дөңгелек үстел, семинар-тренинг өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – сүт безі обыры, сүт безі обырын ерте анықтау мен емдеу, сондай-ақ адамдардың өз денсаулықтарына ортақ жауапкершіліктерін қалыптастыру туралы тұрғындардың ақпарат алуына назар аудару болып табылады.
Дәрістер өткізілді
Амангелді аудандық орталық аурухананың жалпы тәжірибелі дәрігерлері Канафина М.П., Белгожина А.А., СӨС медбикесі Ибраева А.О. және «Амангелді аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ бөлімінің басшысы Ахмет Н.С. және жетекші маман Баймуканова Ж.К. Амангелді орта мектебінде, Н.Мейірманов орта мектебінде, сондай-ақ «Жұпар» балабақшасында тәрбиешілер, ата-аналар, мұғалімдер мен оқушылардың арасында «Қант диабетінің алдын алу», «Оқушылардың денсаулықтарын нығайту мен сақтау үшін қанттың, тұздың және транс-майлардың төмендеуі» тақырыптарында слайд, ақпараттық-білім беру материалдарын таратумен дәрістер өткізілді.
«1 қазан - Халықаралық қарттар күні»
Амангелді аудандық «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Амангелді аудандық орталық аурухана» КМК медициналық қызметкерлері қарттар күніне арналған мерекелік кездесу өткізді. Сондай-ақ, зейеткерлерге концерттік бағдарлама ұсынылып, сыйлықтар таратылды. Қарт адамдар риза болды, ұйымдастырушылардың қамқорлығы үшін алғыс айтты.
Кең ауқымды акция өтті
«Қазпошта» АҚ Амангелді аудандық орталық аурухана медицина қызметкерлері артериялық қан қысымын өлшеу, физикалық параметрлерді, дене салмағы индексін анықтау арқылы халық арасында кең ауқымды акция өткізді және МП,ВА,ФАП және мектеп медицина қызметкерлері оқушыларға қанайналым жүйесі ауруларының, мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алу (темекіден, ішімдікті шамадан тыс тұтынудан бас тарту, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі қағидаларын сақтау) мәселелері бойынша дәрістер, семинар-тренинг, спорттық іс-шаралар өткізді.
Мақсаты: халықтың дұрыс мінез-құлық түрін таңдау мен қолдауға қатысты жігерін күшейту, дұрыс таңдауды қамтамасыз ету мен жүрек-қантамыр ауруларының ауырпашылығын төмендетуге оңтайлы ортаны құру бойынша ақпараттық науқанды өткізу, қанайналымы жүйесі ауруларын ерте анықтау мен оның асқынуының алдын алуға скринингтік тексеруден уақытында өту қажеттілігі туралы тұрғындарды ақпараттандыру.