«Аманкелді аудандық орталық ауруханасы» КМК Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы
0
«Тәуелсіздік таңның нұры» атты салтанатты жиын өтті

13 желтоқсан күні Амангелді аудандық орталық ауруханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  «Тәуелсіздік таңның нұры» атты салтанатты жиын өтті.

Жиында аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Каканова Ж.Р. Тәуелсіздік күнімен құттықтады.Салтанатты шарада саналы ғұмырын медицина саласына арнап, адам жанының арашашысы бола білген,бүгінгі таңда зейнеткерлікке шығып жатқан ақ халатты абзал жандарды марапаттау рәсіміне кезек берілді Қостанай обылысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Құрмет граматосымен күндізгі бөлімнің аға мейірбикесі Абдрахиева Әлия Қостемірқызы және күндізгі бөлім медбикесі Қазиева Бексұлу Мырзаденовна және тәжірбиелі акушер Альмаганбетова Несібелді Қыдырбайқызы жұқпалы аурулар бөлімшесінің медбикесі  Досмағанбетова Күлпаш марапатталса.Стоматолог дәрігер Жазира Ғалиқызы Облыстық  Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет граматосымен марапатталды.Сонымен қатар аудандық аурухананың бас дәрігерінің құттықтау граматосымен зертханалық  лаборант Жангабулова Бану,балалар бөлімшесінің учаскелік медбикесі Қалжанова Майра марапатталды.Кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен Жангабулова Балжан мен Шілдебаева Айнагүл  марапатталды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.