«Аманкелді аудандық орталық ауруханасы» КМК Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы
0
Этикалық кодекс
КЕЛІСІЛГЕН БЕКІТЕМІН

Қостанай облысы 
Денсаулық сақтау басқармасы
«Амангелді аудандық орталық 
ауруханасы» коммуналдық 
мемлекеттік кәсіпорнының 
профком төрағасы
_________Қ.Қойшығұлов
«____»_________2014 жыл 

Қостанай облысы 
Денсаулық сақтау басқармасы
«Амангелді аудандық орталық 
ауруханасы» коммуналдық 
мемлекеттік кәсіпорнының 
бас дәрігері
________Р.Есмағамбетов
«____»_________2014 жыл

 

КМК «Амангелді аудандық орталық ауруханасы»
қызметкерлерінің

ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ

с.Амангелді,   2014 жыл


І. Жалпы ереже

1.1.Медицина қызметкерінің кәсіби этикасының кодексі (бұдан әрі Кодекс) медицина қызметкерінің кәсіби медициналық қызметі барысындағы этикалық нормалар мен ұстанымдарының жиынтығын анықтайтын құжат болып табылады.

1.2.Бұл Кодекс медициналық қызметкер, коғам және емделуші арасындағы қарым-қатынасты анықтай отырып, жеке тұлға мен жалпы коғамның құқығын, денсаулығын қолдауға бағытталған, сондай-ақ, медициналық қызметкердің коғам алдындағы өзінің қызметтік жауапкершілігінің жоғары моральдылыгын анықтайды.

1.3.Аталған Кодекстегі медициналық қызметкер ұғымында жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар қарастыралады.

1.4.Адам өмірі мен денсаулығы – басты әрі негізгі құндылық. Медицина қызметкерінің қызметі осы адамның шарана күнінен бастап денсаулығын және өмірін сақтауға негізділген және қызметкерлерден адами қарым-қатынасты, адам тұлғасына деген құрметті, жанашырлықты, игі ниеттілікті, қайырымдылық пен мейірімділікті, шыдамдылық пен өзара сенімділікі, парасаттылық пен әділікті талап етеді.

1.5.Бұл Кодекс медициналық қызметкерлердің кәсіби қызметінде қолдануға арналған. Ал, медицина қызметкерлердің кәсіби қызметі, өз кезегінде, адам өмірі мен денсаулығы, оның дүниеге келуі мен көз жұмуы кезеңдерін қамтиды.

1.6.Кодекстің Ережесі КМК «Амангелді аудандық орталық ауруханасы» қызметкерлеріне таратылады.

 

II. Медицина қызметкері мен қоғам

2.1. Медицина қызметкерінің ең басты мақсаты – адам өмірін сақтау, аурулардың алдын алу және денсаулығын қалпына келтіру, сондай-ақ емделмейтін ауруға шалдыққандар азабын жеңілдету. Медицина қызметкері өз міндеттерін Гиппократ анты, гуманизм және қайырымдылық ұстанымдарына сәйкес орындайды.

2.2.Медицина қызметкері өз шешімдері мен іс-әрекеттері үшін толық жауапкершілігін мойнына алады, сол үшін ол жүйелі түрде кәсіби шыңдалып отыруға міндетті.

2.3 Өз қызметінде медицина қызметкері өзіне таныс және пайдалануға рұқсат етілген  медицина ғылымының соңғы жетістіктерін пайдалануға міндетті

2.4. Медицина қызметкерінің кәсіби шешіміне жеке басының пайдасы мен материалдық мүдделер әсер етпеуі тиіс.

2.5. Медицина қызметкері даярлаушы-фирмалар мен дәрі-дәрмек таратушылар ұсынған дәрілерді тағайындағаны үшін олардан сыйлық алуына болмайды.

2.6. Медицина қызметкері дәрі тағайындау барысында тек қана науқастың мүддесі мен медициналық көрсетілімдерді ескеруі  тиіс.

2.7.Медицина қызметкері жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына және басқа да медициналық емес факторларға сонымен қоса материалдық жағдайына қарамастан медициналық көмекті қажет еткен кез келген адамға көмектесуге міндетті.

2.8.Медицина қызметкері өзі жұмыс істейтін мекемеге байланысты өз жауапкершілігіне алған барлық міндеттемелерді адал орындауға міндетті.

2.9. Жас мамандар мен студенттерді оқытып жүрген медицина қызметкерлері өз міндетін орындауға көңіл бөлуі және тәртібі жағынан үлгі боларлық деңгейде болуы тиіс.

2.10.Медицина қызметкері қолжетімді құралдар (газет, журнал, радио, теледидар, әңгімелесу және т.б.) арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ кәсіби этикалық және қоғамдық нормаларды ұстануда үлгі болуға міндетті.

2.11.Медицина қызметкері оның кәсіби қызметі мен пациенттерге зиян келтірмейтін, медицина қызметкерінің ар-намысын төмендетпейтін, кәсіби тәуелсіздігіне кедергі келтірмейтін басқа жұмыстармен айналысуына болады.

2.12.Медицина қызметкерінің жеке тәжірибемен айналысуы заңмен реттеледі.

2.13.Медицина қызметкері жұмысының қайырымдылық мақсаттары оның жеке қадір-қасиетін, жеткілікті деңгейде мүліктік қамтамасыз етілуін, кәсіби қызметін атқаруға жағдай жасауын заң жүзінде қорғауын талап етуге  негіз бола алады.

2.14.Ұйымдастырылған формадағы наразылықтарға қатысу барысында медицина қызметкері өз қадағалауындағы пациенттерді қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз ету міндеттемелерінен босатылмайды.

2.15. Медициналық этиканың ұстануын  бақылауды медицина қызметкерінің тікелей жетекшісі жүзеге асырады.

 

III. Медицина қызметкері және пациент

3.1. Медицина қызметкері пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасына жауапты. Өз жұмысында ол Қазақстан Республикасы заңдарын, іс жүзіндегі нормативтік құжаттарды (медициналық стандарттарды) басшылыққа алады, бірақ бұл ұйғарымдар аясында, аурудың ерекшеклітері ескеріліп, әр жағдайда науқас мүддесі басшылыққа алынып тиімдірек ем, диагностика, алдын алу әдістері таңдалады. Қажет болған жағдайда медицина қызметкері өз әріптестерінің көмегін пайдалануға міндетті.

3.2.Медицина қызметкері өзі көрсетіп жатқан көмек сапасы ең жоғары деңгейде болуы үшін барынша тырысуға міндетті.

3.3.Медицина қызметкері пациентті қисынсыз тәуекелге душар еткізбеуі тиіс, және өз білімін ізгіліксіз мақсаттарға жұмсауға жол бермеуі қажет. Медицина қызметкері кез келген емдеу әдісін таңдау барысында алдымен «Зиян келтіріп алма!» өсиетін басшылыққа алады.

3.4.Науқас жағдайын ушықтырмайтын ем-шаралар пайдаланатын, шұғыл көмек көрсетуге міндетті болатын жағдайды есептемегенде, егер пациентпен медицина қызметкері арасында өзара сенімділік болмаса, егер ол өз құзыреттілігін жеткіліксіз деп санаса немесе емдеуге қажетті мүмкіндіктермен қамтылмаса,  науқасты емдеуден бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда медицина қызметкері өзінің тікелей басшысын ескертуге міндетті және  науқасқа құзыретті маман ұсыну үшін барлық жағдайды жасауы тиіс.

3.5.Медицина  қызметкері пациенттің емдейтін дәрігерді, мекемені таңдау және емдеу-алдын алу шараларын өткізу бойынша шешім қабылдауға қатысу  құқығын құрметтеуге міндетті.

Әдетте пациенттің ерікті келісімін медицина қызметкері науқаспен жеке сөйлесу барысында алады. Бұл келісім саналы түрде жасалуы тиіс, науқасқа емдеу әдістері мен оны қолдану салдары, ықтимал ушығу жағдайлары, сондай-ақ басқа альтернативалық емдеу әдістері жөнінде хабарлануы қажет. Пациенттің келісімісіз емдеу-диагностикалық шараларды өткізуге оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде және жағдайға саналы түрде баға бере алмағанда ғана рұқсат етіледі. Осындай жағдайларда шешімді алқаластықпен қабылдаған жөн. Психикалық аурулармен науқастанғандарды емдеу барысында медицина қызметкері психиатриялық көмек көрсету және оны көрсету барысындағы азаматтар құқығының кепілдемелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заңын басшылыққа алуы тиіс. Баланы емдеу барысында медицина қызметкері толық ақпаратты оның ата-анасына немесе қамқоршысына ұсынуы қажет және белгіленген дәрі-дірмектер мен емдеу әдістерін қолдануға олардың келісімін алуға тиіс.

3.6.Медицина қызметкері пациенттің қадір-қасиеті мен намысын, жеке құпиясына деген құқығын құрметтеп, оған мейіріммен қарап, туған-туысқандарының науқас жағдайына алаңдаушылық білдіруіне түсіністікпен қарауы қажет, бірақ айтарлықтай кәсіби қажеттілік болмаса  пациент пен оның  отбасы мүшелерінің жеке істеріне кіріспеуі тиіс.

3.7.Медицина қызметкері пациентке өзінің философиялық, діни және саяси көзқарастарына мәжбүрлемеуі тиіс. Дәрігердің наным-сенімдері немесе басқадай кәсіби емес мүдделері диагностика мен емдеуге әсерін тигізбеуі қажет.

3.8.Егер пациент саналы түрде өз келісімін бере алмаса, оған үнемі қамқор болып жүрген адам немесе заңды өкілі беруі тиіс.

3.9.Пациент өз денсаулығы жөнінде толыққанды ақпарат алуға құқылы, бірақ одан бас тартуына да болады немесе денсаулығы жөнінде хабарлайтын адамды ұсынуы тиіс.

Егер ол пациент денсаулығына айтарлықтай зиян келтіру қауіпі бар деген толық негіз болса, пациенттен ақпаратты жасыруға болады. Бірақ пациенттің анық білдірген талабы бойынша медицина қызметкері толық ақпаратты беруге міндетті. Науқас үшін жағымсыз болжам болған жағдайда өмірінің ұзақ болуына, аурудан айығу мүмкіндігіне   үміт қалдырып, ақпаратты барынша абайлап жұмсартып жеткізу қажет.

3.10.Пациенттің қалауы бойынша басқа медицина қызметкерінің кеңесінен өту құқығына медицина қызметкері кедергі жасамауы тиіс.

3.11. Медицина қызметкері науқаспен қарым-қатынас жасау барысында өзін жарнамалауға тыйым салынады.

3.12. Қателік жібергенде немесе емдеу барысында күтілмеген ушығулар дамығанда медицина қызметкері науқасқа, тікелей басшысына хабарлауға міндетті және шұғыл түрде зиянды салдарды түзетуге бағытталған іс-әрекеттерге кірісуге міндетті.

3.13.Кәсіби міндеттемелерін медицина қызметкері дәрігер бүркеншек ат, ресми түрде табысталған атақ дәрежесін көрсетпей, тек қана өз фамилиясы арқылы жүзеге асырады.

 

91-бап. Пациенттердің құқықтары

1. Пациенттің осы Кодекстің 88-бабында көрсетілген құқықтардан басқа:

1) диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;
2) қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға;
3) дәрігерді немесе медициналық ұйымды, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын шетелдік дәрігерді таңдауға, ауыстыруға;
3-1) медициналық ұйымда аудио- және (немесе) бейнебақылау және жазба жүргізілетіндігі туралы хабарландырылуына;
4) отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің тарапынан қолдау көрсетілуге;
5) медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қандай мүмкіндік берсе, сондай шамада дерт зардабының жеңілдетілуіне;
6) өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір естуге және консилиум өткізілуіне;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады.

2. Пациенттің өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің құны туралы, сондай-ақ олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпарат алуға құқығы бар. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт орналасатын жерлерінде орналастырылуға тиіс.
Медициналық ұйымға түскен кезде пациентке өзіне медициналық қызметтер көрсететін адамдардың аты-жөні мен кәсіптік мәртебесі туралы, сондай-ақ медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидалары туралы мәліметтер берілуге тиіс.

3. Медициналық көмек хабардар етілген пациенттің ерікті түрдегі ауызша немесе жазбаша келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс. Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің ерікті түрдегі жазбаша келісімі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады.

4. Пациент медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал салдарлары туралы мәліметтерді, пациентке түсінікті болатын нысандағы диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпаратты қоса алғанда, өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпаратты алуға, сондай-ақ оны үйге шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептері туралы түсінік алуына құқығы бар. 
«Халық денсаулығы және
Денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасының Кодексі

 

ІV. Дәрігерлік құпия

4.1. Әр пациент жек құпиясының сақталуына құқылы және дәрігер, сондай-ақ медициналық көмек көрсетуші басқа да тұлғалар медициналық құпияны сақтауға  пациент қайтыс болған жағдайда да міндетті, егер науқас басқадай өкім ұсынбаса дәрігерлік көмекке жүгіну фактісі де құпия болуы тиіс.

4.2. Құпия емдеу барысында және қарану барысында (диагноз, емдеу әдісі, болжамы және т.б.) алынған барлық мәліметтерге міндетті болып табылады.

4.3. Пациент жөніндегі ақпарат жария болу жағдайлары:
- пациенттің өзінің айқын жазбаша  келісімі бойынша;
- тексеріс, прокуратура, сот органдарының мүдделі талабы бойынша;
- егер құпияны сақтау пациент өмірі мен денсаулығына немесе басқа тұлғаларға (қауіпті жұқпалы аурулар) қауіпті болса;
- егер емдеуге басқа маман шақырылып, бұл ақпарат кәсіби тұрғыда қажет болса.

4.4. Дәрігер науқасты емдеуге қатысқан тұлғалардың кәсіби құпияны сақтауын қадағалауға міндетті.

4.5. Пациент жөніндегі мәліметтерді білуге құқығы бар тұлғалар барлық алған мәліметтерді құпияда сақтауға міндетті.

4.6. Ғылыми зерттеулер барысында, студенттерді оқыту және дәрігерлердің білімдерін жетілдіру барысында дәрігерлік құпия сақталуы тиіс. Науқасты көрсету оның келісімі бойынша ғана жүзеге асады.

 

V. Әл үстінде жатқан науқастың ауру азабын жеңілдету

5.1.  Медициналық қызметкер әл үстінде жатқан науқастың ауру азабын жеңілдету үшін
барлық қол-жетімді және заңды тәсілдерді пайдалануға міндетті.Медициналық қызметкер емделушінің қалауы бойынша кез-келген діни қызметкерлердің рухани көмегін пайдалана алатындығына кепілдік беруі тиіс.

 

VІ. Медициналық қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы

6.1.Медициналық қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынас өзара сыйластыққа, сенімге құрылып, емделуші мүддесінің сақталуымен ерекшеленуі тиіс;

6.2. Медициналық қызметкер қызметкерлермен шынай, адал, әділ, тілектес, парасатты болуы керек, олардың білімі мен тәжірибесіне құрмет білдіріп,сондай-ақ, олармен өз білімі және тәжірибесімен бөлісуге адал ниетпен дайын болуы қажет;

6.3. Медициналық қызметкерлерге басшылық жасау жоғары деңгейлі кәсіби біліктілік пен үлкен адамгершілікті талап етеді;

6.4. Қызметтесіне айтылатын сын дәлелді болуы керек және оны ренжітпеуі тиіс. Қызметтестердің тек кәсіби іс-әрекет ғана сынға алынуы тиіс, алайда жеке тұлғасын сынға алуға болмайды. Әріптестердің беделін түсіру арқылы өз беделін көтеруге тырысуға жол берілмеуі тиіс. Медициналық қызметкер әріптестері туралы және олардың жұмыстары туралы емделуші мен оның туысқандары алдында жағымсыз сын-пікір айтуына құқығы жоқ;

6.5.Медициналық қызметкер өмір бойы өзін осы емдеу өнеріне баулыған адамдарға қызмет көрсетіп, алғыс білдіруі тиіс;

6.6. Медициналық қызметкер өзіне қандайқарым-қатынасты талап етсе, әріптестеріне сондайқарым-қатынас жасауы тиіс;

6.7. Медициналық қызметкер көпшілік алдында басқа дәрігердің кәсіби біліктілігіне күмән тудырмауы немесе тағы басқа жолдар арқылы кемсітпеуі қажет;

6.8. Ауыр клиникалық жағдай кезінде дәрігерлер бір-біріне әдепті түрде кеңес беріп, көмек көрсетуі қажет. Емдеу барысына бар жауапкершілікті емдеуші дәрігер мойнына алады, сондықтан, науқас жағдайын басшылыққа ала отырып, берген кеңесті қабыл алуына немесе одан бас тартуына болады. Дәрігер басқа әріптестерінің науқастары өзіне келуі үшін жағдай жасамауы тиіс.

 

VIІ. Этикалық кодекс күшінің шегі және оны бұзу жағдайындағы жауапкершілік.

7.1 Дәрігердің бірінші төрешісі – өз ары. Екіншісі – медицина қауымдастығы , олар дәрігерлер ассоцияциясы ретінде өз жарғысы және басқа құжаттар негізінде тәртіп бұзушыға шара қолдануға құқылы.

7.2.Егер этикалық нормалар тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі ережелеріне қайшы келсе, медицина қызметкері заң алдында жауапқа тартылады.

7.3. Қызметкер өзінің тәртібі ұжымда көпшілік талқысына салынуы мүмкін екендігін санада ұстауы тиіс.

7.4. Нақты бір жағдайларда Кодекстің кейбір қағидалар мағынасы дұрыс түсінілмеуі мүмкін. Бұл жағдайда  комиссияның өз түсіндірмесі этикалық комитет шешімімен рәсімделеді. Түсіндірмен Этикалық Кодекс қосымшасы ретінде бекітілгеннен кейін заңды  күшіне енеді.

 

VІІІ. Қорытынды

8.1. Бұл Кодекске барлық медициналық қызметкерлер міндетті түрде бағынуы тиіс;